Асу Алмабаев еркін күрес турниріне қатысады

Асу Алмабаев еркін күрес турниріне қатысады
Күрес

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев еркін күрестен турнирге қатысады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

18 желтоқсанда Астанада ММА спортшылары қатысатын еркін күрестен Wrestling Stars турнирі өтеді. Жарыста Асу Алмабаев Әліби Ыдрыс кездеседі. 

Еске салайық, отандасымыз Индонезияда өткен Brave Combat Federation 66 турнирінде жеңіске жетті. Отандасымыз филиппиндік Кеннет Манингтонмен (1-0) кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтты.