Жеңіліп көрмеген қазақ файтері тағы жеңіске жетті

Жеңіліп көрмеген қазақ файтері тағы жеңіске жетті
Жекпе-жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (16-2) Индонезияда өткен Brave Combat Federation 66 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Отандасымыз филиппиндік Кеннет Манингтонмен (1-0) кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтты. 

Жеңістен кейін Асу әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды. 

"Барша мадақ-мақтау Алла тағалаға болсын. Маңдай ақы теріміз ақталды , бәрі енді басталуда. @darteam.kazakhstan командалас бауырларыма көп рақмет. Мен үшін дұғада болған әр-бір бауырларыма Қазақстан алға!", - деп жазды ол.