Қазақстандық конькишілер төрт құрлық чемпионатына қатысады

Қазақстандық конькишілер төрт құрлық чемпионатына қатысады
Қысқы спорт

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) конькимен жүгіруден 2-4 желтоқсан күндері Канаданың Квебек қаласында өтетін 2023 жылғы төрт құрлық чемпионатына қатысатын спортшылар мен елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшылар келесі қашықтықтарда бақ сынайды: 

Ерлер: Евгений Кошкин (500 м), Артур Галиев, Демьян Гаврилов (1000 м), Виталий Щиголев, Бағдаулет Сағатов (5000 м). 

Қазақстан ерлер құрамасы командалық спринт пен командалық жарысқа да жолдама жеңіп алды. 

Казахстан получил квоты в следующих видах соревновательной программы:

Әйелдер: Екатерина Айдова, Алина Дауранова - 500 м, Екатерина Айдова, Надежда Морозова, Алина Дауранова - 1000 м, Надежда Морозова, Екатерина Айдова - 1500 м, Надежда Морозова - 3000 м.

Масс-стартық қазақстандық бір спортшы қатысады, оның кім екені кейін белгілі болады. 

Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы да командалық спринт пен жарысқа жолдама алды.