Тынбаев Алматыда жұдырықтасады

Тынбаев Алматыда жұдырықтасады
Бокс

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Елхан Тынбаевтың (5-0, 3 КО) жекпе-жегі өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

BoxRec.com порталының мәліметінше, Тынбаев 11 желтоқсан күні Алматыда бразилиялық спортшы Матеус Да Силвамен (7-0, 3 КО) кездеседі. Қарсыластар жартылай ауыр салмақтағы WBC International Silver чемпиондық титул үшін жұдырықтасады. 

Елхан соңғы рет рингке биылғы жылдың маусым айында Мәскеуде шыққан. Бұл кезде отандасымыз беларусстық Сергей Крапшилды жеңген болатын.