Евгений Федоров "Астанамен" келісімшартын ұзартты

Евгений Федоров
Басқа

23 жасқа дейінгі жастар арасында шоссе веложарысынан әлем чемпионы Евгений Федоров "Astana Qazaqstan Team" командасымен келісімшартын ұзартып, 2023 және 2024 жылдары да қазақстандық команданың намысын қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

"Пандемия кезеңіне тап болған соңғы екі жыл қиын болғанына қарамастан, әлемдік додаларда өнер көрсету мол тәжірибе берді. Командамызбен көп еңбек еттік, биыл Вуэльта Испания турниріне қатысу бағы бұйырды. Солай алғашқы келелі нәтижелер келе бастады. Менің биылғы маусымдағы ең үлкен жетістігім - 23 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атануым. Еліме алтын медаль мен жеңімпаздың жейдесін әйкелу - мен үшін үлкен мәртебе. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр, маған қолдау білдіріп, әрдайым көмектесетін "Астана" командасының намысын қорғау - қуаныш. Келер маусымды асыға күтіп жүрмін, алғашқы жеке кәсіби әрі ірі жеңістеріме қол жеткіземін деп ойлаймын", - дедә Евгений Федоров. 

2022 жылы Евгений Федоров жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, ол осы маусымда Азия чемпионатында да топ жарды.