Әлем чемпионатында тағы бір жаңа рекорд

Әлем чемпионатында тағы бір жаңа рекорд
Футбол

Катардағы әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде В тобындағы Иран мен Уэльс командалары арасындағы ойында жаһан біріншіліктерінің жаңа рекооды тіркелді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Иранның ойынның 90+8’ минутында Уэльс қақпасына алғашқы голын соқты. Ал бұл - әлем чемпионаттары тарихындағы ең кеш соғылған жеңіс голы. Доп қақпа сызығын 97:56 уақытында кесіп өткен. Гол авторы - Рузбех Чешми. Одан кейін 90+11’ минутта ирандық футболшылар Рамин Резаеиннің арқасында екінші голын соғып, сенімді жеңіске қол жеткізді.