Гандоболдан Азия чемпионатында қазақ қыздары алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Гандоболдан Азия чемпионатында қазақ қыздары алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Басқа

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы кездесуді сенімді бастап, Гонконг құрамасын 28:24 есебімен жеңді. Матчтың үздік ойыншысы атағына Дана Әбілда лайық деп танылды. 

Азия чемпионатындағы алғашқы ойында қазақстандықтар Қытай құрамасына 26:28 есебімен жеңілген еді. Ұлттық құрама Азия біріншілігіндегі келесі ойынын жексенбі күні Таиландқа қарсы өткізеді.