Игита футзалдан Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңіне қатыспайды

Игита футзалдан Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңіне қатыспайды
Басқа

23-26 қараша күндері Алматыда өтетін футзалдан Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңінде "Қайрат" футзал клубының капитаны әрі қақпашысы Игита өнер көрсетпейді, деп хабарлайды bassport.kz тілішісі.

KazFootball.kz сайты мәлім еткендей, футболшыны ұзақ уақыт бойы белдің ауруы мазалайды. Сол себепті 36 жасар әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы жарыста командасына көмек қолын соза алмайды. 

"Қайраттың" негізгі қақпашысы бразилиялық Деннис болады. Қажеттілік туындаған жағдайда оны Нарун Серіков алмастыруы мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялаған болатын.