Руслан Курбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Руслан Курбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Басқа

Фото: Olympic.kz

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық шпагашы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде ол Тайбэй өкілі Жан Лимен кездесіп, 12:15 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Руслан Курбанов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, жарыс барысында Курбанов ирандық Али Намазиді, сингапурлық Си То Цзяньтунды, қырғызстандық Илим Бақытбек Уулуды және қытайлық Юйхань Сюйді жеңді.

Русланның жүлдесінен бөлек, Қазақстан құрамасының басқа да өкілдері үздіктер қатарынан көрінді. Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Ерлік Сертай тоғызыншы сатыға тұрақтады. Ал Никита Жулинский жарысты 24-орынмен аяқтады.