Азиада-2026: Екатерина Таранцева слаломды есуден қола медаль алды

Азиада-2026: Екатерина Таранцева слаломды есуден қола медаль алды
Басқа

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломды есуден қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Таранцева әйелдер арасындағы бірлік-байдарка жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 112,23 секундта бағындырып, үшінші орын алды. 

Жарыста жапониялық Ито К. 107,60 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 111,70 секунд көрсеткішпен Қытай өкілі Чэнь Линь иеленді.