"Барыс" пен "Астана" ойыншылары келісімге келді
Бүгін "Барыс-Аренада" балалар мектептері әкімшілігі өкілдерінің, ата-аналар мен ойыншылардың кездесуі өтті. Тараптар оқиғаның себеп-салдарын талқылап, бір-бірінен кешірім сұрады, деп хабарлайды bassport.kz тілішсі.
Қазіргі таңда екі жақ ортақ келісімге келіп, татуласты. "Барыс" және "Астана" БЖСМ басшылары өз кезегінде бапкерлермен, хоккейшілермен және ата-аналармен болашақта осындай жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін жұмыс жүргізуге міндеттенді.
Еске салайық, 19 қараша күні Барыс" пен "Астана" балалар командалары арасындағы жолдастық кездесу жаппай төбелеспен аяқталған еді. Ал келесі күні Қазақстан хоккей федерациясы ойыншылар мен екі команда бапкерлері арасындағы болған жайтқа қатысты ресми жауап берді.