ҚХФ балалар командалары арасындағы төбелеске қатысты жауап берді
Кеше "Барыс" пен "Астана" балалар командалары арасындағы жолдастық кездесу жаппай төбелеспен аяқталды деп жазғанбыз. Ал бүгін Қазақстан хоккей федерациясы ойыншылар мен екі команда бапкерлері арасындағы болған жайтқа қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Жолдастық кездесу аяқталғаннан кейін, Қазақстан хоккей федерациясы командалардың басшыларымен және бапкерлерімен бірге оқиғаның мән-жайын зерттеуге кірісті. Балалар арасындағы жаппай төбелестің себеп-салдары толық анықталғаннан кейін, қажетті шаралар қолданылады. ҚХФ мұндай жағдайлардың отандық хоккейде орын алуына, әсіресе оның балалар мен жасөспірімдер командалары арасында болуына қарсы және мұндай оқиғаның қайталануына жол бермеу керек. Жағдай біздің бақылауымызда және осыған ұқсас оқиғалардың қайталануына жол бермес үшін Қазақстанның хоккей спорт мектептері, клубтары мен командаларынан ел аумағында және шетелде өткізіліп жатқан кез келген деңгейдегі жарыстар туралы Федерацияға хабар берулерін сұраймыз, - деп жазылған Қазақстан хоккей федерациясының мәлімдемесінде.