"Барыс" пен "Астана" матчы жаппай төбелеспен аяқталды

Хоккей

"Барыс" пен "Астана" балалар командалары арасындағы матч ойыншылардың жаппай төбелесімен аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ойын соңында "Астана" клубы хоккейшілерінің бірі қарсыластарына қол бермеген соң, жас ойыншылар бір-бірімен жанжалдасып, соңында төбелесе бастаған.  

"Бейнежазбада "Астана" ойыншысы матч соңында қолын бермеген, сол себепті жанжал туғаны анық көрінеді. Осылайша, спорттық емес мінез-құлық пен қарсыластарға деген құрметсіздік танытқан. Осыны ескеру керек. Ұтыла алуды да білген жөн", - делінген barys2012_official хабарламасында. 

Бұдан кейін "Астананың" бас бапкері Владимир Зыкин алаңға жүгіріп шығып, балаларды итере бастаған. "Барыс" ойыншыларының бірін ұстап алып, мұзға лақтырған. 

"Бұл жаттықтырушы барлық этикалық және моральдық нормаларды бұзып, өзін агрессивті ұстады. Оқиғадан кейін Владимир Геннадьевич киім ауыстыратын бөлмеге бара жатып, "Барыс-2012" басқа тәрбиеленушілерін кезіктіріп, балағат сөздер айтып айқайлаған. Қазақстан хоккей федерациясы мен № 10 БЖСМ басшылығын осы оқиға туралы хабардар етеміз және осы азаматты дисквалификациялауды, оған жаттықтырушылық қызметпен айналысуға тыйым салуды сұраймыз", - делінген barys2012_official хабарламасында.