Алан Құрманғалиев екінші медаліне қол жеткізді

Алан Құрманғалиев екінші медаліне қол жеткізді
Басқа

Ливанның Джеззин қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender Jezzine халықаралық турнирінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық Алан Құрманғалиев жарыстағы екінші медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

19 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсеткен Алан Құрманғалиев жарыстың қола жүлдесін қанжығасына байлады. Бұған дейін ол осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік шығып, алтын алқа иеленген еді. Осылайша, Алан Құрманғалиевтің еншісінде WTT Youth Contender Jezzine халықаралық турнирінің екі жүлдесі бар. 

Сонымен қатар, 16 жастағы тағы бір қазақстандық спортшы Абдулла Мамай жарыстың ширек финалына дейін жетті.