Әлем чемпионатының екінші жарыс күні үш матч болады

Әлем чемпионатының екінші жарыс күні үш матч болады
Футбол

Катардағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде үш матч болады. Англия жарыс жолын Иранға қарсы ойынмен бастайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Астана уақыты бойынша 19:00-де Англия мен Иран арасындағы матч басталады, оның тікелей көрсетілімін “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарнасынан көруге болады. Ал Сенегал құрамасы Нидерланд еліне қарсы ойнайды. Матч елорда уақытымен 22:00-де басталатын матчты “Qazsport” арнасынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар. 

21 қарашадан 22 қарашаға ауған түні АҚШ пен Уэльс құрамалары кім мықтыны анықтайды. Жанкүйерлерге бұл матчтың тікелей көрсетілімін “Qazsport” телеарнасы Астана уақытымен 01:00-де ұсынады.