Қазақстандық каратэшілер Азияда үздік атанды

Қазақстандық каратэшілер Азияда үздік атанды
Басқа

Малайзияның Куала-Лумпур қаласында шинкиокушинкай каратэден Азия чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Олар сары құрлық бәсекесінде 6 алтын, 3 күміспен жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Артур Коваленко алтын, ал Данил Маношкин күміс медаль иеленді. 85 келіден жоғары салмақта Рустам Авзалов үздік шықты. 

Әйелдер арасындағы сында 50 келіге дейінгі салмақта Елена Дубровина алтын еншіледі. 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дана Абдураимова жеңімпаз атанып, Сәния Қалиахметова күміспен күптелді. 60 келі салмақта Зере Каримова тұғыр биігінен көрінді. Ал 60 келіден жоғары салмақта Валерия Крестина қарсылас шақ келтірмесе, Ботагөз Мукашева екінші орынға тұрақтады. 

Жалпы, Азия чемпионатында 22 елдің 100-ден астам спортшысы бақ сынады.