Дмитрий Морозов үздіктермен сынға түседі

Дмитрий Морозов үздіктермен сынға түседі
Қысқы спорт

Қазақстандық конькимен жүгіруші Дмитрий Морозов Нидерланды елінің Херенвен қаласында өтіп жатқан екінші әлем кубогы кезеңінің 1500 метр қашықтыққа жүгіру сынында үздік шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әлем кубогының екінші кезеңінде "Б" тобында бақ сынаған отандасымыз қашықтықты 1 минут 45 секундта жүгіріп өтіп, "А" дивизионына жолдама алды. Енді Дмитрий Морозов келесі жарыстарда әлемнің ең үздік спортшыларымен сайысқа түседі. 

Ал әлем кубогінің келесі кезеңі Канаданың Калгари қаласында өтеді.