Қазақ қыздары Нью-Йоркті бағындырды

Қазақ қыздары Нью-Йоркті бағындырды
Күрес

Нью-Йоркте (АҚШ) Билл Фарреллді еске алуға арналған халықаралық турнирде ел намысын қорғаған барлық қыздар олжалы болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Апалы-сіңілі Мадина мен Жамила Бақбергеновалар алтын жүлделерге ие болса, Марина Седнева күміс, ал Алтын Шағаева қола медаль иегерлері атанды. 

Еске салайық, дода 18-19 қараша күндері өтеді. 

Байрақты бәсекеде әйелдер күресінен Қазақстан намысын 4 спортшы қорғаған: Алтын Шағаева (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Мадина Бақбергенова (68 келі), Жамила Бақбергенова (72 келі). Ал еркін күрестен Қазақстан құрамасының 16 спортшысы шығады: Мейрамбек Қартбай, Рахат Қалжан, Асылжан Есенгелді (үшеуі де - 61 келі), Ақбар Құрбанов, Адлан асқаров (екеуі де - 65 келі), Әуез Сейітбаев, Азамат Шағапұлы (екеуі де - 70 келі), Санжар Досжанова (74 келі), Тілек Қбаыкенов, Шыңғыс Мұхаметқалиев (екеуі де - 79 келі), Болат Сақаев, Исламбек Ильясов, Айбек Айтбекова (үшеуі де - 89 келі), Мамед Ибаргимов, Әкежан Айтбеков (екеуі де - 97 келі), Әлішер Ерғали (125 келі).