Қазақстандық спортшылар батут гимнастикасынан әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық спортшылар батут гимнастикасынан әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты
Басқа

Болгарияның София қаласында батут гимнастикасынан XXXVI әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан намысын 5 спортшы қорғап жатыр. 


Жекелей сынның қорытындысында Данил Мұсабаев 10-орынға тұрақтап, жартылай финалға жолдама алды. Қос минитрапта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Игорь Грачев та 10-орынға табан тіреп, келесі кезеңге жолдама алғандардың тізіміне енді. 


Синхронды секіру бойынша іріктеу кезеңінде Мұсабаев-Әлиев жұбы 13-орынмен 1/2 финалға өтті. 

Әлем чемпионатының жекелей сынынан 24 спортшы іріктеліп, келесі кезеңге жолдама алды. Осы қатардан тек 8 спортшы үздік шығу үшін талпынады. 

36-жаһан біріншілігінің жартылай кезеңі 18 қараша күні өтеді.