Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Басқа

Никита Басов

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандық спортшылар 1/4 финалда Оңтүстік Кореямен кездесті. Төрт таймның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18:14 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, ұлттық құрама жартылай финалда Қытай мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.