Әли Ахмедов жаңа мәлімдеме жасады
Бокс
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) өзінің Instagram парақшасында келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.
"Шаршы алаңға шығатын күнді асыға күтіп жүрмін. Келесі қарсыласым ретінде кімді көргіңіз келеді?", - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Акапулькода өткен WBC Конвенциясында Кеңес басшылығы Ахмедовтың келесі қарсыласы ретінде жеңілмеген Француз Кристиан М ' Биллиді (22-0, 20 КО) таңдады.
Еске салайық, қыркүйек айында Геннадий Головкиннің қарсыласы болған америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) екінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағы үшін 17 қыркүйек күні жұдырықтасып, жеңіске жеткен.