Қазақстандық су добы шеберлері Әлем чемпинатына қатысады

Қазақстандық су добы шеберлері Әлем чемпинатына қатысады
Басқа

7-14 қараша күндері Таиландта су добынан Азия чемпионаты өтіп, Қазақстанның ерлер жәйне әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. 


6 ерлер және 6 әйелдер құрамасы қатысқан құрлықтық бәсекеде қола жүлдеге ие болу жетістігінің арқасында қазақстандық су добы шеберлері Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Су спорты түрлері блойынша 2023 жылы өтетін ХІХ Әлем чемпионатына 200 елдің 5000-ға жуық спортшысы қатысады деп жоспарланып отыр. Жаһан біріншілігінде жүзу, су добы, ашық суда жүзу, суға секіру және артистік жүзу түрлері бойынша 76 жүлде жиынтығы сарапқа салынбақ. 2023 жылғы Әлем чемпионаты Жапонияның Фукуок қаласында өтеді. 


Негізі, әлемдік дода 2021 жылы өтуі керек болған. Алайда Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылы шегерілгендіктен, су спорты түрлері бойынша жаһан біріншілігін 2022 жылдың қаңтар айында өткізу жоспарланған. COVID-19 пандемиясының салдарынан FINA спортшылардың қауіпсіздігі үшін оны тағы бір жылға кейін шегерген еді.