Нәтижені өзгертпек болған бапкері мен шәкірті жарыстан қуылды
Жекпе-жек
Басқа
Дүниежүзілік аралас жекпе-жек қауымдастығының (GAMMA) Азия-Тынық мұхиты аймағы чемпионатының бірініші жарыс күнінде спортшы Әділ Дүйсен мен оның бапкері Телжан Қабдиев жарыстан шеттетілді.
Олар салмақ өлшеу кезінде нәтижелерді өзгертуге тырысқан жерлерінен ұсталған және бірден жарыстан шеттетілген. Әділ Дүйсен 70,3 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсету құқығынан айырылса, бапкері Телжан Қабдиевке спортшыларды жаттықтыруға тыйым салынды. GAMMA Президенті Александр Энгельдхардт болған жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.
“Әрине, жарыста бұндай жағдайдың орын алғаны өкінішті. Алайда біз үшін спорттағы әділдік бірінші орында. Бұл жағдай өзге спортшылар мен бапкерлерге сабақ болады деп ойлаймын”, - деді GAMMA Президенті Александр Энгельдхардт.
GAMMA Спортшы мен бапкерге өзге айыппұлдар кейін тағайындалатынын айтты.
Паттайяда өтіп жатқан жарыстың бірінші күнінің қорытындысында Қазақстанның 12 спортшысы келесі кезеңге жолдама алған.