Азиада-2026: Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды
Бокс
ҰОК / Нұрғали Жұмағазы
Азиададан алтын күткен басты үміттеріміздің бірі Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.
54 келі салмақта cынға түскен отандасымыз 1/8 финалда қытайлық Чжао Сюаньге есе жіберді (төрешілер шешімі - 1:4).
Алғашқы раундтарда қарсыласы басымдық танытқанымен, Назым соңына дейін айқасты.Өкінішке қарай, бұл жолы жол қытайлық боксшыға бұйырды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалған еді.