Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургтегі жарыс жолын бастайды

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургтегі жарыс жолын бастайды
Хоккей

13-16 қараша күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шайбалы хоккейден «Болашақ Кубогы» турнирі өтеді. 


Бүгін 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы жарыс жолын бастап, Ресейдің жастар командасымен бақ сынасады. 


Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады.


Турнирге Қазақстан командасынан басқа, Ресейдің U20, U18 жастар құрамалары мен Беларусьтің 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы қатысады. 


Ал бұл турнир Александр Истомин бастаған Қазақстан құрамасының 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатының ІА дивизионындағы ойындарына дайындық.