Қазақстан тректегі велоспорттан Олимпиада жолдамасын алды

Қазақстан тректегі велоспорттан Олимпиада жолдамасын алды
Велоспорт

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы олимпиадалық жолдаманың иегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қолданылмаған квоталарды қайта бөлу кезінде Қазақстанға тректегі велоспорттан бір жолдама бұйырды.

Қазақстан квотаны кейриннен алғанымен, бұл спортшының спринтте де сынға түсуіне мүмкінідік береді.

Квота жекелеген спортшыға емес, командаға беріледі.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында тректегі велоспорт додасы 5 тамыз күні басталады.