Қазақстан жастар құрамасы Минскідегі турнирде бақ сынап жатыр

Қазақстан жастар құрамасы Минскідегі турнирде бақ сынап жатыр
Хоккей

10-12 қарашада Беларусь астанасы Минскіде “Спорттық клбу Президентінің Кубогы” турнирі өтіп, онда шайбалы хоккейден Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жастар құрамасы бақ сынап жатыр. 


Турнирдің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық хоккейшілер Беларусь мемлекетінің U18 құрамасымен кездесіп, 4-2 есебімен жол берді. Алғашында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алда келе жатқан, алайда қорғаныстағы қателіктер себебінен қарсыласының камбэк жасауына жол беріп, жеңіліс тапты. 


Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин команданың алғашқы жарыс күніндегі ойынына баға берді:


Жақсы матч өткіздік, әсіресе команданың бірінші кезеңдегі ойынына көңілім толды. Сәл шыдам жетпеді, сондай-ақ қорғаныста қарсылас ұтымды қолдана білген қателіктерді жібердік. Беларусь құрамасы келесі екі кезеңде қарқынын күшейтті, ал біз оған тойтарыс бере алмадық, - деді бас бапкер Сергей Старыгин. 


Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездеседі. Сондай-ақ осы турнир барысында біздің хоккейшілер алғаш рет Ресейдің әйелдер құрамасына қарсы ойнайды. Бұл турнир 2023 жылдың сәуір айында өтетін Әлем чемпионатына дайындық.