Қазақстан чемпионатының финалы: алғашқы матчта жеңімпаз пенальти сериясында анықталды
Фото: АФК «Кайрат»
Футзалдан Қазақстан чемпионаты финалының алғашқы матчында «Семей» мен АФК «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Семей қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды.
Алматылық клуб сапынан Атирсон төртінші минутта есеп ашса, Жулио Сезар Занотто 24-минутта командасын тағы да алға шығарды.
Алайда алаң иелері екі рет таразы басын теңестіре алды. «Семейдің» екі голын да Габриэль Кандидо соғып, 15 және 37-минуттарда мергендік танытты.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында АФК «Қайрат» 6:5 есебімен басым түсіп, финалдық серияда алға шықты.
Осы жеңістің арқасында алматылық клуб Қазақстан чемпионатының алтын медалі үшін таласта есепті өз пайдасына жазды.
Финалдық серияның келесі матчы 20 маусым күні Семейде өтеді. Одан кейін командалар Алматыда кездеседі.