Қазақстан құрамасы триатлоннан әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

Қазақстан құрамасы триатлоннан әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Басқа

ҰОК

Қазақстан құрамасы триатлоннан 7-8 қараша күндері Гонконгта өтетін әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама сапына үш спортшы кірді. Атап айтқанда, Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды. Айта кетейік, Арлан Жаңабай жақында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді. Ерлер арасындағы жарыстар 7 қарашада өтеді. Бұл бәсекеде жалпы 65 спортшы бақ сынайды.