Парадзюдодан ӘЧ Қазақстан командалық қола жүлдеге ие болды

Парадзюдодан ӘЧ Қазақстан командалық қола жүлдеге ие болды
Басқа

Бакуде аяқталған әлем чемпионатында парадзюдошылардың ерлер командасы қола медалін қанжығаға байлады. Қазақстандықтар әлемнің үздіктері Бразилияны 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда Әзербайжан командасына есе жіберіп, қола жүлде үшін кездесуде ИБСА құрама командасына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Олжас Оразалыұлы, Темірболат Ташекенов, Ерлан Конкиев және Аманжол Жанбота өз қарсыластарын ес жиғызбай иппон әдісімен таза жеңіп, тарихымызда алғаш рет командалық қола медаль сыйлады.

«Бұл жетістік - ерен еңбектің және еліміздегі спортты қолдауының нәтижесі» - деп құраманың бас бапкері Жандос Қиянов.