Әлімханұлы - Бентли: WBO бойынша әлем чемпионы атағына талас

Әлімханұлы - Бентли: WBO бойынша әлем чемпионы атағына талас
Бокс

13 қараша күні Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды


Әлімханұлы орта салмақтағы WBO бойынша әлем чемпионы атағын ағылшындық Дензел Бентлимен болатын жекпе-жекте қорғайды. 


Қазақстандық кәсіпқой боксшы соңғы рет мамыр айында шаршы алаңға шығып, ағылшындық Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңген болатын. Ал оның қарсыласы соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізіп, төртінші раундта отандасы Маркус Моррисонды нокаутқа жіберу арқылы жеңіске жеткен.