Су добынан Азия чемпионатын қазақстандықтар сәтті бастады
Су добынан Азия чемпионаты Таиландтың Самутпракан қаласында өтуде.
Қазақстан ерлер құрамасы бірінші кездесуінде Таиландты 15:4 есебімен тізе бүктірді. Енді олар бүгін, 9 қарашада - Үндістан, 10 қарашада - Иран және 11 қарашада Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.
Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатында 2012 жылы чемпион атанса, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алды.
Құрлықтық додада еліміздің әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Оңтүстік Кореядан 25:5 есебімен басым түсті. Олар бүгін, 9 қарашада - Қытай, 10 қарашада - Сингапур, 11 қарашада - Жапония, 12 қарашада Таиландпен кездеседі.
Құрлықтық дода 14 қарашада мәресіне жетеді.
Бұл Жапонияның Фукуоке қаласында 2023 жылдың 14-30 шілде аралығында өткізілетін әлем чемпионатына іріктеу сатысы болмақ.