Футзалдан Қазақстан құрамасында тағы бір спортшы жарақат алды
Басқа
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі барысында Черногорияға қарсы матч өткізеді. Ойын алдында ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы жарақат алды.
Команда капитаны Лео Игита ойын алдындағы жаттығу барысында арқа жарақатын алып, Черногорияға қарсы ойынға қатыса алмайды. Оның орнына ұлттық құрама сапына алматылық "Қайраттың" қақпашысы Нарұн Серіков шақыртылды.
Жарақатына байланысты Черногорияға қарсы матчта өнер көрсетпейтін спортшылар: Игита, Эдсон мен Дәурен Нұрғожин.