«Suleimen Promotions» Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Suleimen Promotions» Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Бокс

«Suleimen Promotions» компаниясы Дэвид Моррельге қарсы кездесуден кейін жасанды комаға түскен Айдос Ербосынұлының қазіргі жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Компания боксшының жағдайы қазір бірқалыпты екенін және Миннеаполистегі (АҚШ) үздік клиникалардың бірінің дәрігерлерінің бақылауында екенін жазды. Сондай-ақ, компания спортшының тез айығуы үшін барлық көмекті көрсететінін Instagram парақшасында мәлімдеді