Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық жарыс жүлдегерлері атанды
Қысқы спорт
1-6 қараша аралығында Боогарияның София қаласында мәнерлеп сырғанаудан “Denkova-Staviski Cup 2022” турнирі өтіп, қазақстандық спортшылар бақ сынады.
Ерлер санатында Диас Жиренбаев қола жүлде иеленді, ал бірінші разрядты спортшылар арасында Екатерина Балюба күміс медальге ие болды. Жарыс қорытындысында Багдана Рахишова бесінші, Ясмин Текик алтыншы орынға табан тіреді.
Жасөспірім қыздар арасында Амина Шәлімбекова алтыншы орын алды.