Германиядағы халықаралық турнирді боксшыларымыз сәтті аяқтады
Бокс
Бокстан Германияның Кёльн қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық былғары қолғап шеберлері табысты өнер көрсетті.
Ерлер арасында Талғат Сырымбетов, ал әйелдер арасында Наталья Богданова турнир чемпиондары атанды. Нұржан Амангелді, әйелдерден Назым Ищанова мен Сания Сұлтанқызы күміспен күптелді. Ерлер сынынан Кенже Мұратұлы, Диас Молжігітов, Ильяр Аширов, Абзал Құттыбеков, Нұрлан Сапарбай, әйелдер арасынан Анастасия Баязитова, Анель Сақыш пен Надежда Рябец қола жүлдеге ие болды.
Спортшыларымыздың арасынан Наталья Богданова турнирдің “әйелдер арасындағы үздік боксшысы” атағына лайық деп танылды.
Жалпы, халықаралық додаға әлемнің әр елінен 37 әйел мен 90 ер боксшы қатысқан.