Қоржынға күміс медаль түсті
Қысқы спорт
Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Жарыстың екінші күнінде отандасымыз Абзал Әжіғалиев күміс медаль иеленді.
500 метр қашықтыққа жүгіру сынында бақ сынаған спортшы мәре сызығын 41,054 секундта кесіп өтіп, екінші орын алды. Әлем Кубогы кезеңінің алтыны канадалық Максим Лаунға бұйырса, оңтүстік кореялық Ли Джун-Со қолаға қанағат қылды.
Дәл осы қашықтықтың «Б» финалында өнер көрсеткен Денис Никиша төртінші орынға тұрақтады.
Ал 1500 метр қашықтыққа жүгіруде Нұртілек Қажғали өз мансабында алғаш рет Әлем кубогы кезеңінің финалына шығып, 5-орын алды.
Командамыз ерлер эстафетасынан (5000 м) финалда, ал әйелдер эстафетасынан (3000 м) «Б» финалында бақ сынайды.