Кирилл Герасименко Словениядағы турнирдің 1/4 финалына шыға алмады

Кирилл Герасименко Словениядағы турнирдің 1/4 финалына шыға алмады
Басқа

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Словенияда өтіп жатқан WTT Contender Nova Gorica турнирінің 1/8 финалында жеңілді.

Спортшы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері француз Джан Аккузға жол берді. Матчтағы қорытынды есеп 2:3 құрады.