Қазақстандық шорт-трекшілер АҚШ-та сәтті өнер көрсетіп жатыр

Қазақстандық шорт-трекшілер АҚШ-та сәтті өнер көрсетіп жатыр
Қысқы спорт

АҚШ-та шорт-тректен әлем Кубогының екінші кезеңін іріктеу жарыстары аяқталды.


Қазақстан спортшылары әйелдер арасында 3000 метр және ерлер арасында 5000 метрге жүгіруден эстафеталық жарыстардың жартылай финалына шықты. Әйелдердің эстафеталық командасында Яна Хан, Анастасия Астраханцева, Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева өнер көрсетсе, ерлер командасында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов жарыс жолына шыққан. 


Жекелей жарыстарда Ольга Тихонова 1500 метрде жартылай финалға, 1000 метрде ширек финалға шықты. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша 500 метрге жүгіруден ширек финалға өтті. Әділ Ғалиахметов пен Нұртілек Қажғали 1500 метрге жүгіруден жартылай финалда бақ сынайды.1000 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали және Еркебұлан Шамұханов ширек финалға шықты.


Әлем Кубогы кезеңінің финалдық жарыстары қарашаның 5-6-сы күндері өтеді.