Азиада-2026: Бадминтоннан Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шыға алмады
Басқа
ҰОК
Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер арасында бадминтоннан командалық жарыс басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде Жапонияға қарсы ойнады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу 3:0 есебімен жапониялық спортшылардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Қазақстан командасы плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Бұл жарыста ел намысын Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Хайтмурат Кулматов және Махсут Таджибуллаев қорғады.