Александр Герлиц Паралимпиадада қола медаль жеңіп алды

Александр Герлиц Паралимпиадада қола медаль жеңіп алды
Бейжің-2022

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының жүлдегері атанды

Спортшы 10 шашырымдық (LW6) парабиатлон жарысында осындай жетістікке қол жеткізді. Канадалық Марк Аренц алтын жүлде алса, украиналық Григорий Вовчкинский күміс медаль иеленді. Александр Герлицтің жүлдесі Қазақстан құрамасының осы Паралимпиададағы алғашқы медалі.

Автор: Жансейіт Қуандықов