Қоржында қос алтын: Азия ойындарында каратэшілеріміз зор табысқа қол жеткізді
коллаж INFORMSPORTS
Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстан құрамасы айтулы жетістікке жетті. Кумитэ бағдарламасы бойынша сынға түскен отандық екі спортшы ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Bassport.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Жоламан Биғабыл финалда өзбекстандық Хумоюнмирзо Халимовты 9:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.
Ал әйелдер арасында +68 келі салмақта бақ сынаған Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева финалдық жекпе-жекте Тайланд спортшысынан басым түсіп, өз мансабында екінші мәрте Азия ойындарының алтынын иеленді. Осылайша, каратэ шеберлерінің арқасында Қазақстан құрамасының жарыстың алғашқы күндеріндегі алтын қоржыны толыға түсті.