Медальға бір қадам: Аян Тұрсын Азия ойындарының ширек финалына шықты

Медальға бір қадам: Аян Тұрсын Азия ойындарының ширек финалына шықты
Жекпе-жек

Нұрғали Жұмағазы

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушу-саньдадан Қазақстан құрамасы жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандық спортшы Аян Тұрсын турнирдің ширек финалына жолдама алды.1/8 финалдық бәсекеде отандасымыз Түрікменстан өкілі Бибимерйем Акмухаммедовамен күш сынасты. Тартысты өткен жекпе-жекте Аян Тұрсын қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Айта кетейік, Аян бұған дейін де Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.