Бокстан Азия біріншілігі: Назым Қызайбай 1/4 финалға шықты

Бокстан Азия біріншілігі: Назым Қызайбай 1/4 финалға шықты
Бокс

Бүгін бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші күнінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай өнер көрсетті. 

1/8 финалда 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қызайбай таиландтық Чутамат Раксатпен кездесіп, қарсыласын жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016) және Азия чемпионы (2021).