Қазақстандық балуандар Грозныйдағы халықаралық турнирде екі қола жүлде иеленді

Қазақстандық балуандар Грозныйдағы халықаралық турнирде екі қола жүлде иеленді
Жекпе-жек

UWW

Ресейдің Грозный қаласында еркін күрестен ересектер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бозкілемдегі тартысты додаға Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері де қатысып, жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына екі қола медаль салды.

Сары құрлық пен әлемдік деңгейдегі мықты балуандар жиналған бәсекеде қос отандасымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шеберлік байқасқан Шаттық Алайдар қарсыластарын қапы қалдырып, қола жүлдегер атанды.70 келіге дейінгі салмақта белдескен Майис Алиев те кілем үстінде табандылық танытып, турнирдің үшінші орнын иеленді.