Қазақстандық спортшылар пара-каратэден әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшылар пара-каратэден әлем чемпионатында топ жарды
Басқа

Қазанның 25 мен 30 аралығында Италияның Бергамо қаласында пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Жарыста 16 мемлекеттің спортшылары бақ сынады.

Ел намысын Ляззат Жусупова мен Дидар Мухамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» дисципилинасында лайықты өнер көрсетіп, жарыста жеңіске жетті.

1 орын – Ляззат Жусупова (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты);

1 орын – Дидар Мухамеджанов (тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санаты).