Теннис
ҚТФ
Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Нью-Йоркте мәресіне жеткен Үлкен Шлем сериясына жататын АҚШ ашық чемпионатының (US Open — 2026) бас жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, 5,5 млн доллар көлеміндегі сыйақыны иеленді.
Рыбакина US Open турнирінде алғаш рет топ жарып отыр.
Айта кетейік, Елена финалға дейін америкалық Тея Фродинді (585-орын), испаниялық Джессика Бусас Манейроны (105-орын), украиналық Юлия Стародубцеваны (58-орын), жапониялық Наоми Осаканы (13-орын), қытайлық Чжэн Циньвэньді (121-орын) және тағы бір америкалық теннисші Кори Гауффты (4-орын) жарыс жолынан шығарды. Ал финалда басты қарсыласы Соболенконың мысын басты.