Бейбіт Жұқаев Италиядағы турнирдің негізгі кезеңіне шыға алмады

Бейбіт Жұқаев Италиядағы турнирдің негізгі кезеңіне шыға алмады
Теннис
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Италтияның Неаполь қаласында өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады.

Отандасымыз іріктеудің жартылай финалында итальяндық Джулио Зеппиериден 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.