Каратэден Азия ойындарында кімдерге сенім артамыз

Каратэден Азия ойындарында кімдерге сенім артамыз
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстан каратэ федерациясы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бапкерлер штабының бекіткен тізіміне алты спортшы кірді. Ерлер: 55 келіге дейін: Жоламан Биғабыл; 67 келіге дейін: Олжас Алтынбек; 75 келіге дейін: Нұрқанат Әжіқанов. Әйелдер: 55 келіге дейін: Бэлла Самашева; 61 келіге дейін: Әсел Қанай; 68 келіден жоғары: Софья Берульцева. 

Айта кетейік, жазғы Азия ойындарында каратэ бәсекелері 20-23 қыркүйек аралығында өтеді.