Андрей Ферапонтов «Қайсар» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
«Қайсар» футбол клубы
«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Андрей Ферапонтов қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsport.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
– Андрей Святославовичке «Қайсар» футбол клубындағы адал қызметі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Адағы бапкерлік жолына толағай табыс, шығармашылық ізденіс және жаңа жеңістер тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Тәжірибелі маман бас бапкер қызметін «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болды.
Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында «Қайсар» 23 матчтан кейін 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында келеді. Команда 3 рет жеңіске жетсе, 11 рет тең түсіп, 9 рет жеңілді.
Қызылордалық клуб биыл Қазақстан кубогында финалға дейін жетті. Енді олар финалда Шымкенттің «Ордабасы» клубымен шеберлік байқасады.